«ИМАН МЕН АМАЛ БѲ ЛЕК ҰҒЫМДАР» 4-бет

dokumen-dokumen yang mirip
АХАЖ БѲ ЛIМIНIҢ АНЫҚТАМАСЫ БОЛМАСА, ЕШБIР ЖҰПҚА НЕКЕ ҚИМАЙМЫЗ

Келелі келісімге қол қойылды

АДАМДЫҚ ӘБУ ХАНИФА АДАЛДЫҚПЕН Ѳ ЛШЕНЕДI ХАУАРИЖ НАИБ МҮФТИ САУД АРАБИЯ ЕЛШIСIМЕН КЕЗДЕСТI СӘЛӘФИЛЕРДIҢ БҮГIНГI НѲ МIРДЕ:

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 2015 жылғы 19 маусымнан шыға бастады

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі

УДК 2 ББК 86.2 Д 91 Жауапты редакторлар: Г.Н. Шойкин Дін саласындағы өзекті тақырыптарға арналған 20 сұрақ пен жауап:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-КОНФЕССИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРІ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Қазақ қашан отандық киім киеді?

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Ұлт ұстазын рухани брендке қашан айналдырамыз?

«Қазақтелеком» басшысының айлығы қанша?

Жасанды аралдар жарға жығуы мүмкін

Мүгедектер мәселесімен тікелей айналысатын орган керек

ЕЛЕУСІЗ ЖӘНЕ ҚОРҒАНСЫЗ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛЕСБИЯНДАР, ГЕЙЛЕР, БИСЕКСУАЛДАР МЕН ТРАНСГЕНДЕРЛЕР

Әлемді шарпыған компьютер дерті жүйкені жеп барады

Құс шаруашылығына мемлекеттік қолдау қажет

Л.А. Верховцева, О.А. Костюченко, М.В. Ушакова ЖАРАТЫЛЫСТАНУ. Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушыларына арналған оқулық. 1-бөлім НЕ ДЛЯ ПЕЧАТИ

Ділдә Матайқызы Тасмағамбеткеліні. Айналайындарым менің...

қор туристерге қолдау көрсете ала ма?!

ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы 735 бұйрығымен бекітілген

СӨЖ. схемасы» «Астана Медицина Университеті» АҚ. Кафедра: Медбиофизика курсымен информатика, математика кафедрасы

Манкеш А.Е. ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ. Əдістемелік нұсқау

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ. Жоғары білім БАКАЛАВРИАТ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ. Жоғары білім БАКАЛАВРИАТ МАМАНДЫҒЫ 5В ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІ

МҮСІНДЕУ Әдістемелік нұсқау

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ЭЛЕКТИВТІ ПƏНДЕР КАТАЛОГЫ

«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

РУПы по 10 специальностям: НВП. Дизайн МКМ ХТОВ БЖД. Биотех.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ. Таңдамалы пəндер каталогы

Телевизор. Анықтама нұсқаулығы. KD-85XD85xx /75XD9405 / 75XD85xx / 65XD9305 / 65XD85xx / 55XD9305 KD-55XD85xx

Соња Хартнет, аустралијска списатељица и добитница награде Астрид Линдгрен за годину

М И Н И С ТА Р С Т ВА

Муниципалитет - бул аймактын, ал жерде жашаган калктын жана ЖӨБ органдарынын үчилтиги

Поклони. Срећни новогодишњи и божићни празници. Поклон календар читаоцима. У овом броју: Каблови за аутомобиле широм света

ИЗ САДРЖАЈА ПОТ ПИ САН АК ЦИ О НАР СКИ СПО РА ЗУМ ИЗ МЕ ЂУ ПО ШТЕ СР БИ ЈЕ И КОМ ПА НИ ЈЕ ОТЕ

25. октобар Број

ниём' милэше ja\j^ jt,*/ b/7/; у Фэния Харисрра % r (Ш 'А, / f l 9 мкр. л 29 г. Нефтеюганск Издательство «Бас Екатеринбург 2006

Одбојкашки викенд за памћење» страна 31 У ПАНЧЕВУ, У ПЕТАК, 3. ФЕБРУАРА ХУ МА НОСТ ПО РО ДИ ЦЕ АША НИН ИЗ ОМО ЉИ ЦЕ СПАСЛИ ТРИ ЖИВОТА

Vagif PIRIYEV Professor ilmu sejarah GARABAGH ADALAH JIWA AZERBAIJAN. 36

Масжид Ал-Ансордаги Ақидаи Таҳовийя дарсларининг (PDF) шаклидаги китобдан ҳар ҳафталик дарслар.

ONOMATOPE DALAM LAGU ANAK-ANAK RUSIA

ВОДИЧ ЗА РАЗУМЕВАЊЕ ИСЛАМА

НОВО IIOЉE РАДА ЗА ЖЕНЕ

Број октомври 2017, петок година LXXIII

I СП~UИJАnНА БОnНИuд ЗА РЕХА6ИЛМТАЦМJY

ЗВЕЗДАНО НЕБО ЗА ПОЧЕТНИКЕ

У ИМЕ НАРОДА. ОКРУЖНИ СУД У БЕОГРАДУ, у већу састављеном од судије. Маријом Недић, у кривичном предмету против оптуженог Радомира Марковића и

Правилник о квалитету и другим захтевима за јестива биљна уља и масти, маргарин и друге масне намазе, мајонез и сродне производе. Члан 1.

Телеком Србија Предузеће за телекомуникације а.д.

5 Kesalahan Fatal Belajar Bahasa Asing Belajarlah Seperti Bayi

Сокобањске. Новине. Крушик уместо крузера. Дани Светог Јована Биљобера. Први Врмџа фест. Novosti juga

РЕПОЗИТОРИЙ БГПУ. Г.Я.Адамовіч. Максім Багдановіч паэт-міф, паэт-архетып

ОДРЕЂИВАЊЕ ПОЛА И ПОЛНО ВЕЗАНИХ ОСОБИНА. Светлана Мршић

ПРЕДМЕР И ПРЕДРАЧУН РАДОВА ЗА СПОЉАШЊЕ УРЕЂЕЊЕ

Содрж ина ВО ВЕД... 3 ИН ФО РМ А Ц ИЈА ЗА РА БО ТА ТА... 4 ИН ФО Л ИН ИЈА И ИН ФО М А ИЛ Н А ФО Н Д О Т ЗА ЗД РА ВСТВЕН О О СИГУ РУ ВА Њ Е... 4 ()...

ТМ Г. XXXIV Бр. 1 Стр Ниш јануар - март 2010.

I СПЕUИJАЛНА 60ЛНI1UА ЗА РЕХАБИII"LА!..8У 'БУКОВИЧКДБ~ч APAHiEIIVDNI БР ш:оу.

МИЛАН АНТИЋ. Миодраг Јанковић. Министар Двора

Канцэпцыя інтэр'ера кватэры ў г. Мінску. ТАА "Арт-студыя "Зробім""

Novosti juga. Лето: Време манифестација. Неодговорно запошљавање. Предраг Ј. Марковић

Ноћ над Београдом IN MEMORIAM. Проф. др Мирослав Јовановић (1. мај јануар 2014)

КОНСТИТУИСАЊЕ СКУПШТИНЕ

СОВРЕМЕННЫЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ И МЕТОДИКИ

КОЛУБАРА. Насипи штите копове. Припреме за измештање Ибарске магистрале Планови на нивоу пре поплава Дуго путовање у прошлост

KALIMAT MAJEMUK SUBORDINATIF DENGAN ANAK KALIMAT ATRIBUTIF DALAM BAHASA RUSIA (TINJAUAN SINTAKTIS) DWI PRASTUTI

Стручни рад УТИЦАЈ ИНТЕРВАЛА УСПОРЕЊА НА БРЗИНУ ОСЦИЛОВАЊА ТЛА ЗА УСЛОВЕ РУДНИКА "РУДНИК" Лутовац Сузана 1, Трајковић Слободан 1, Станић Слободан 2

Ведай думкі папярэднікаў! Пагаджайся альбо спрачайся з імі! Цытуй сваё! Міхал Анемпадыстаў

КАКО СЕ ОСЛОБОДИТИ ГОЛОГ ЖИВОТА?

Дијелови Литургије: Православни поглед

МАШИНЕ АЛАТКЕ. РУКОПИСИ. МА2 ГЛАВНО КРЕТАЊЕ МАШИНА АЛАТКИ

SEKCIJA. Часопис Планинарског савеза Србије година XX ISSN број 79 - зима Цена 100 дин.

О СТИЦАЊУ ЗВАЊА, ОБАВЕЗАМА, ОДГОВОРНОСТИМА И ЛИЦЕНЦИРАЊУ КАРАТЕ СУДИЈА

Аутори: мр Јелена Матић др Бисерка Несторовић др Гордана Ђукановић дипл. инж. Тања Палија маст. инж. арх. Александра Бурда

ПРЕГЛЕД ТРЖИШТА ЕЛЕКТРОНСКИХ КОМУНИКАЦИЈА У РЕПУБЛИЦИ СРБИЈИ. Подаци за први и други квартал године

Конкурсна документација у поступку ЈНМВ бр. 05/17 1/28

РАДИЙ Ф И Ш ЖАЛОЛИДДИН РУМИЙ. Тарихий-биографик роман. Иккинчи нашр. Fatjtyp Гулом номидаги нашриёт-матбаа ижодий уйи Тошкент-2005

Universitas Indonesia. Representasi kehidupan..., Arief Muliawan, FIB UI, 2013

АДРЕСАР ЕКИПА ТРОФЕЈ НОВОГ САДА. ТЕКУЋИ РАЧУН: , Банка Интеса ОДБОЈКАШКИ САВЕЗ НОВОГ САДА-VOLLEYBALL ASSOCIATON OF NOVI SAD

Penangkapan ikan denganlampu lampu

Стање сектора вода у Србији

МАЈСКА ИЗЛОЖБА ГРАФИКЕ БЕОГРАДСКОГ КРУГА 2013.

GAMBARAN FEMINISME DALAM CERPEN ARIADNE DAN АGAFYA KARYA ANTON PAVLOVICH CHEKHOV (Suatu Tinjauan Feminis Ideologis)

Mata Kuliah -Management Event- Modul ke:

LIST GRADA BEOGRADA ПЛАН ГЕНЕРАЛНЕ РЕГУЛАЦИЈЕ. Година LXI Број септембар године Цена 265 динара

META TRADER 4 ГАРЫН АВЛАГА. Утас: Хаяг: УБ хот, Чингэлтэй, 1-р хороо Экспресс тауэр, 1504

BAB I PENDAHULUAN. Perkembangan teknologi pada saat ini sudah sangat bergerak maju, salah

PENILAIAN KINERJA AKTIVITAS-AKTIVITAS LINGKUNGAN PADA PT. MADUBARU YOGYAKARTA. Skripsi Untuk Memenuhi Sebagian Persyaratan Mencapai Derajat

BAB III ANALISIS SISTEM. Analisis sistem adalah penguraian dari sistem informasi yang utuh kedalam

ANALISIS DEIKSIS PERSONA DALAM UJARAN BAHASA RUSIA (SUATU TINJAUAN PRAGMATIK)

Правилник о преносивости броја у јавним телефонским мрежама на фиксној локацији

Kata Kunci : perilaku,konsumtif,impulsif, metropolitan, non-metropolitan.

Ч е т р д е с е т г о д и н а о д п р в о г л е т а. Историјат

Рев. 5. СЕКТОР ЗА РАДИО-КОМУНИКАЦИЈЕ

3 Ha H s a i l a d h s a E e P c n c u a i. n Gamb m r a. 3 Ga b m r a. 4

Самастойны выбар у свеце каштоўнасцей

ЧЛАНОВИ ЧЛАН 3. ЧЛАН 4. Додела и коришћење фреквенција

Perbedaan kolom 5 6. Jumlah Populasi Siswa Perbedaan kolom 11 6

ANALISIS KONFLIK BATIN TOKOH ALEKSEJ IVANOVIČ DALAM NOVEL ИГРОК / IGROK/ PENJUDI KARYA FЁDOR MIXAJLOVIČ DOSTOEVSKIJ

Neurosis Tokoh Utama Anna Andriovna Dalam Novel Время Ночь/Vremya Noč /Waktu Malam Karya Lyudmila Petrushevskaya: Suatu Kajian Psikologi Sastra

Transkripsi:

Тґлеген ТАЛДЫБАЕВ: «ИМАН МЕН АМАЛ БѲ ЛЕК ҰҒЫМДАР» 4-бет 2015 жылғы 19 маусымнан шыға бастады 5 (5) 17 ШІЛДЕ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ w w w. e - i s l a m. kz Республикалық рухани-ағартушылық газеті ЕЛБАСЫ АЙТ МЕРЕКЕСIМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қымбатты отандастар! Барша қазақстандықтарды қасиетті Ораза айт мерекесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам мұсылман қауымы үшін маңызды Рамазан айының аяқталуын білдіреді. Татулыққа, тыныштыққа, қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейтін ислам дінінің рухани қасиеті осы Рамазан айында кеңінен көрініс табады. Осынау мейрамның құрметі үшін барша əлем мұсылмандары нəсіліне, ұлтына қарамастан жақындарына қамқорлық танытып, мүмкіндігінше мұқтаж жандарға материалдық жəне рухани қолдау көрсетеді. Қазақстанда түрлі этностар мен діндер өкілдері достық пен келісімнің, жасампаздық пен бірліктің үлгісін көрсетіп келеді. Бұл құндылықтарды дамыта отырып, біз қоғамдағы ұлттық мəдени жəне рухани алуандылықты сақтауға, азаматтар арасындағы өзара құрмет пен сенімнің нығаюына одан əрі ықпал етуіміз қажет. Осынау қасиетті күнде мен баршаңызға рухани келісім, табыс, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Қасиетті Ораза айт мерекесі қоғамымыздағы өзара түсіністік пен достықты одан əрі нығайта берсін! делінген құттықтауда. 2015 жылдың 17 шілдесі Ораза айттың бірінші күні! ОРАЗА АЙТ МҮБӘРАК БОЛСЫН, БАУЫРЛАР! Құрметті бауырлар! Ораза айт мерекесіне аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. Барша халықты мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын. Айт мүбəрак болсын, ағайын! Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады. Кеңпейіл, бауырмал, қонақжай, дархан мінезді мұсылман халқымыз Ораза айтты ерекше атап өткен. Биыл еліміздің мұсылмандары да қасиетті Рамазанда ауыз бекітіп, шарапаты мол айда жасалған ізгі іс-шараларымызға атсалысты. Мешіттерімізде ауызашарлар мен қайырымдылық акциялар өтті. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетілді. Сауабы теңдессіз осынау жақсы істерге үлес қосқан отандастарыма «Алла разы болсын» айтамын. «Айт» сөзі «қарымта» деген мағынаны білдіреді. Жаратушы Иеміз əрбір ізгі амал мен игілікті істің сауабын беріп, мейірімшапағатын төгеді. Ораза айт бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезі. Алла баршамызды мол сауапқа кенелген құлдарының қатарына қосуын тілеймін. Айт күнінде толық жуынып, жұпар иіс себініп, жамағатпен айт намазына қатысудың сауабы ерекше. Айт намазына барудан алдын құрмадан дəм тату пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған салауаты мен сəлемі болсын) сүннет амалы. Ағайын-туысты, көршілер мен өзге ұлт өкілдерін ортақ мерекемен құттықтап, жылы шырай танытып, тілеулестік білдіру де игі амал. Қадірлі ағайын! Барша отандастарымды Ораза айттың құрметі үшін бір-бірімізді кешіріп, өзара татулығымызды нығайтып, əуелі Алланың, ата-анамыздың құрметі мен ризалығына бөленуге шақырамын. Алла Тағала ұстаған оразаларымызды, дұға-тілектерімізді қабыл еткей! Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы артып, Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік, Елбасы бастаған егемен еліміздің болашағы баянды болғай! Ораза айт құтты болсын! Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Айт мейрамының ерекшелігі Ораза айт мейрамы Айт намазын оқумен басталады. Ол үшін үйден дəрет алып, ғұсыл құйынып, таза əрі əдемі киімдер киіп, құрма сияқты жеңіл тағамнан дəм татып шығу сүннет. Айт намазының шарттары жұма намазының шарттарына ұқсас. Айт намазының уақыты таң намазынан кейін күн найза бойы көтерілгеннен бастап, тас төбеге жеткенге дейін оқылады. Күн шығып жатқан кезде айт намазын оқуға болмайды. Биыл ораза айт намазы Астана қаласында 17 шілде 6:30-да басталады. Ораза айт намазы жұма күнге келіп тұрған жағдайда екі намаз да өз уақытында бөлек оқылады. Ораза айт намазын уақытынан кешіктіріп оқыған мустахап болып табылады. Көпшілік пітір садақасын беріп үлгеру үшін де бұл тиімді. Айт намазы екі рəкаттан тұрады. Басқа намаздардан айырмашылығы айт намазында азан мен қамат айтылмайды, əр рəкатында үш рет тəкбір айту уəжіп. Бірінші рəкатта намазды бастаған имам айт намазына ниет етіп «Аллаһу əкбар» деп тəкбір алғаннан кейін «субханака» дұғасын оқиды. Ал жамағат айт намазына ниет етіп тəкбір алғаннан кейін «субханака» дұғасын оқып имамға ұйиды. Одан кейін имаммен бірге үш рет тəкбір жасайды. Имам екі қолын құлақ тұсына апарып дауыстап тəкбір алғаннан кейін қолын екі жағына түсіреді. Жамағат та имамның тəкбірін қайталайды. Осылай үш рет тəкбір айтылғаннан кейін имам «Фатиха» мен қысқа сүрені дауыстап оқып, ары қарай басқа намаздардағыдай рукуғ пен сəжде жасалады. Екінші рəкатта имам «Фатиха» сүресі мен қосымша сүрені дауыстап оқып, үш рет тəкбір жасайды. Əр тəкбірде қолды байламай екі жаққа түсіреді. Төртінші рет тəкбір айтқаннан кейін рукуғқа барып, сəжде жасайды. Соңғы отырыста «əт-тахият» пен салауат оқылып намаз аяқталады. Намаз соңында айт құтпасы оқылып, дұға жасалады. Бұл күні ораза ұстау харам болып табылады. Өйткені бұл 30 күн ораза ұстап, ауыз бекітудің құрметіне орай белгіленген үлкен мейрам. Мейрам күні ішіп-жеп, бір-бірінің жағдайын сұрап, көңіл көтеру қажет. Сондықтан шариғатта айт күні ораза ұстауға тыйым салынған. (Жалғасы 5-бетте).

2 АҚПАРАТ АЙДЫНЫ 17 ШІЛДЕ 2015 ЖЫЛ БАЛА ТӘРБИЕСI ҚҰРСАҚТАН БАСТАЛАДЫ «Әлжан ана» мешіті госпиталь ұжымына ауызашар жасады Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кең тараған хадистерінің бірінде бала тəрбиесі жайлы көп айтылады. Халық даналығында «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді. Бабаларымыз берік ұстанған ислам дінінде де бала тəрбиесіне ерекше мəн беріледі. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өсиетті сөздерінің бірінде: "Сəби дүние есігін ашқанда ата-ананың бала алдындағы үш міндеті болады. Олар балаға жақсы ат қою, дұрыс тəрбие беру, уақыты келгенде үйлендіру" деген. Асыл дініміз балаға мағынасы дұрыс, естір құлаққа жағымды, жақсы есім қоюға шақырады. Сондықтан балаға есім берерде аса жауапкершілікпен қараған жөн. Баланың өз ортасында жүзі жарқын жүруіне, жақсы кісілерге еліктеп өсуіне оған таңылған есімнің маңызы зор. Сүннет бойынша сəби туа салысымен немесе туғанына жеті күн толғанда ат қою керек. Бір хадисте бұл туралы «Баланың əкесіндегі құқықтарының бірі жақсы əдеп пен жақсы есім» деп жазылған. Тағы бір хадисте «Сендер қиямет күні аттарыңмен жəне əкелеріңнің есімімен шақырыласыңдар» деген жолдар бар. Бала алдындағы екінші міндет дұрыс тəрбие, яғни дінге сауатты, көзі ашық, саналы ұрпақ өсіру. Əр ұл мен қыз ата-анасынан жақсы тəрбие алуға құқылы. Құран аяттарында: «Отбасыңа намаз оқуды үйрет. Өзің де оны сабырмен жалғастыр» делінген. Мұхаммад Ибн Абдуллаh (р.а.) риуаят еткен хадисте «Сахабалар: «Баланың ізгі болуы Алла тағаладан, ал əдептілік əкеден» деп айтатын» дейді. Яғни, Жаратушы тағдырға ізгілікті жазғаннан кейін, əкенің міндеті баланы мұсылмандық əдепке үйрету. Ер жеткен ұлын үйлендіріп, бой жеткен қызын құтты орнына қондыру да атаананың бала алдындағы міндетінің бірі. Əбу Хурайрадан келген риуаяттардың бірінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Əкедегі бала ақысының бірі балиғат жасына толғанда үйлендіру». Басқа бір хадисте уақыты келсе де баласын үйлендіріп, аяқтандырмаса, баласының күнə істеуіне себеп болса, бұған əкесі жауапты екендігі ескертілген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде «Əке баласына жақсы тəрбиеден артық мирас қалдыра алмайды» дейді. Сондықтан, əсіресе, қазіргі таңда балаларымызды шынайы иманға баулуға айрықша көңіл бөлгеніміз жөн. Əр қоғамның келешегі ұлт тəрбиесіне қатысты. Қоғамды құрайтын жанұяның бір мүшесі бала. Ата-ана болудың зор жауапкершілігі де осы кезден басталады. Ислам дінінде бала өмірдегі сынақтардың бірі ретінде қаралады. Сол себепті сынақтан сүрінбей өту үшін балаға өмірде жақсы жаманның, обал сауаптың не екенін, қалай еткенде жақсы адам болып қалыптасудың жолдарын үйрету, парасатты тəрбие беру ата-анаға міндеттелген іс. Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ислам тəрбиесін қалыптастыруда балаларды көзден таса қылмаған. Жоғарыда айтқанымыздай, қайта дүниеге келмей жатып, балаға алаңдаушылық білдірген. Бала дүниеге келісімен діни салт-жоралғылар жасап, мұсылман үмбетінің тағы бір адамға толыққанын қуаныш көрген. Əрі сол мұсылман үмбеті деген атқа сай тəрбие алуын қадағалаған. Бір мұсылман ғалымы өзінің балалық шағының бір сəтін былайша əңгімелейді: «Дінге көзімді ашқан кісі атам еді. Ол кісі маған діни əңгімелерді көп айтатын. Бірде хазірет Əлидің батырлығын əңгімелегенде, былай деп сұрағаным есімде: «Ата, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күшті ме, əлде Əли күшті ме?» Сонда бес жасар баланың пəк көңілінен шыққан сұрағына атам əрі балаларды, əрі үлкендерді ойлантатындай былай деп жауап беріп еді: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бойында қосымша пайғамбарлық күш бар емес пе?!» Атамның осы бір сөзін əлі күнге ұмытқан емеспін». Бұл жерде айтпағымыз, кейбір ғалымдар балалардың барлық қабілеттерінің балалық шақта жетілетінін жеткізген. Сондықтан балалардың мінез-құлқына, кісілік тұлғасына əсер ететін нəрселерді үйрете білген жөн. Баланың бойында кісілік тұлғасының қалыптасуына себін тигізетін тəрбиенің бірі жаратылысына сай істерге баулу. Мысалы, ұл балаларды атқа міну, садақ тарту, жүзу, күрес жəне жүгіру секілді спорттық ойындарға жаттықтырған дұрыс. Бұл туралы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) əкенің бала алдындағы міндеттерін баяндағаны бар. Олар жақсы ат қою, құлағына азан шақыру, адал ризықпен тамақтандыру, жазуды үйретумен қатар садақ тарту, атқа міну, күрес жəне жүзуді үйрету екен. Екі дүние сəруəрі (с.ғ.с.) сонымен қатар балаға жеті жасында намаз үйретуді өсиеттейді. Олай болса, атааналар жеткіншектің шынайы көңілмен, өз қалауымен намаз үйренуі үшін намазды көзтаныс, үйреншікті ету керек. Айналасындағылардың намаз оқығанын кішкентайынан көріп өскен бала саналы түрде оның қажеттігін ұғынады. Тағы бір мұсылман ғалымының пікірінше, мешітке баланы ертіп апару оның тұлабойына мұсылмандық өмір-салтының сіңуіне көмектеседі. Əрі əкесімен немесе анасымен бірге барғандықтан, балалық шақтың ең ыстық сəттері ретінде жадында мəңгі сақталып қалады. Қазіргі қазақ қоғамы барлығымызға таныс. Бүлдіршіндер мен жеткін шектердің арасында исламнан гөрі интернетке, кітаптан гөрі компьютерге байланғандары басым. Осындай келеңсіз келбетімізден арылудың бірден-бір жолы діни тəрбие. Дəстүрлі дініміздің қағидатымызбен келешегімізді дайындасақ, болашағымыздың да берекелі, жарқын болатыны сөзсіз. Əділ АҒЫТАЕВ, «С.Ғылмани» мешітінің наиб имамы Қасиетті рамазан айында ҚМДБ-ның Астанадағы өкіл дігінің бастамасымен, «Əлжан ана» мешіті елордадағы Ұлы отан соғысы мүгедектеріне ар нал ған орталық клиникалық гос пи таль ұжымына ауызашар берді. Адамзатты ізгілікке шақыратын, адамгершілікке үндейтін қайырымды істің бірі ауызашар беру. Бас имам Ермек Мұқатай ақ дастархан басында айлардың сұлтаны рамазанның қадір қасиеті мен ораза тұтудың құндылықтары жөнінде ақ халатты абзал жандарға кеңінен əңгімелеп берді. Бүгінде технология дамыған сайын адамдардың бір-бірімен жақын əңгімелесуі, сұхбаттасуы, етене араласуы тым сиреп кетті. Ауызашардың ең бір кереметтілігі жұртшылықты бір дастархан басына жиып, ғибратты əңгімелер тыңдауға, имандылықты күшейтуге, ислам құндылықтарын насихаттауға, қоғамды тəрбиелеуге ықпал етеді. Ардақты пайғамбарымыздың хадистерінде айтылғандай, ораза ұстаған жанның екі қуанышы болады. Біріншісі ауызашарда, екіншісі Алламен қауышатын күні. Алланың разылығы үшін қауырт жұмыс пен қарбалас тіршіліктің ауыртпалығына қарамай ауыз бекіткен баршаларыңыздың ниеттеріңіз қабыл болсын, құлшылықтарыңыз арта берсін, - деді «Əлжан ана» мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай. Ақ дастархан басына жиналған дəрігерлердің қатарында қажылық сапарға барып келген қызметкерлер де бар екен. Олар да өз ретінде асыл дініміздің игілікті істер жасауға үндейтінін, ұжым қызметкерлері арасында жыл сайын ораза ұстаушылардың саны артып келе жатқанын жеткізді. Тіпті, ауызашардың өзін мереке санайтындықтарын айтып, домбырамен əн шырқасты. Ауызашар берген жанға Алла сансыз сауаптан жазатынын білеміз. Біздің ұжымға келіп, дін туралы түсінігімізді кеңейтіп, тағылымды əңгімелеріңізді тыңдауға мүмкіндік алғанымызға ризамыз. Мешіт ұжымына өз алғысымызды білдіреміз, дей келе госпиталь директоры Əділхан Абдуллин бас имам Ермек Мұқатайға мекеме атынан сый-сияпат көрсетті. Бас дəрігер арнайы тапсырыспен салынған түркі жұртының мақтанышы һəм ғұламасы Ахмет Яссауи кесенесі бейнеленген суретті бас имамға тарту етті. Отырыс соңында ұжым қызметкерлеріне мешіт тарапынан діни кітаптар таратылды. Ерекше Құран нұсқасы сақтаулы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде көлемі 3х2 сантиметр, алтын-күміс түсі аралас металл тысы бар Құран сақтаулы. Қасиетті кітаптың дəл қай жылы басылғаны белгісіз. Аса құнды бұл жəдігерді музейге 1978 жылы Орал қаласының тұрғыны Биби Жармұханова табыстаған. 1914 жылы дүниеге келген Биби Абдулқызының музейге айтқан мəліметінше, бұл Құран оның анасы Макперузаға (1886 жылғы) тиесілі болған екен. Ал Макперузаға əжесі берген, əжесіне əкесі Меккеден алып келген делінген. Құранның металл тысына ұлғайтқыш əйнек бекітілген. Қырына алтын жалатылғандай кітапшаның 438 парағы, яғни 876 беті бар. Меккеге тікелей әуе рейстері ашылады Апта басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен жиналыста елімізден Меккеге тікелей рейс ашу мəселесі талқыланды. Айта кетсек, бүгінгі күнге дейін қажылық парызын өтеуші ел азаматтары Жидда қаласына Түркия, Əбу Даби арқылы жететін. Бұған қоса, əуежайда бірнеше сағат бойы келесі рейсті күтуге тура келетін. Қазіргі уақытта еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан Меккеге таяу орналасқан Жидда шаһарына дейін тікелей рейс ашу мүмкіндігі қарастырылуда. Жиында əуе компаниялары өкілдері осы мəселе бойынша ұсынысты орындауға мүмкіндік мол екенін жеткізді. «Бұл бастама қажыларымызға қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстарына ықпал етеді. Біріншіден, уақыт үнемделеді, екіншіден, қажылар үшін бұл бастама қолайлы жағдай туғызады» деді ҚМДБ Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз. Биыл Қазақстанға Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі 5000 орын (квота) бөлді.

17 ШІЛДЕ 2015 ЖЫЛ АҒЫМДАР АҚИҚАТЫ 3 «ИШИМ» - АДАМ САНАСЫН УЛАУМЕН АЙНАЛЫСАДЫ ИШИМ қатарында болған мысырлық азамат ВВС журналистерімен сұхбаттасып, басынан өткен жайттармен бөлісті. Алайда, ол өзінің есімін жария етуден бас тартты. Себебі, ИШИМ қатарында əлі де болса туыстары бар екен. Соларға зия ны тиіп кетуден қорқады. «Алғашында мен Сирияда Башар Асадқа қарсы соғыстарға қатыстым. Кейін біздің əскер ИШИМ-ге қосылды. Міне, содан бастап алғашқы күннен ислам шариғаты жайлы дəріс өте бастадық. Алайда, ол жердегі шариғат ислам дініне мүлдем сəйкес келмейді. Олар өздері ойдан құрастырып алған ислам жайлы сабақтар жүргізе бастады. Осылайша, ИШИМ өздерінің алғашқы этаптарын адамдардың санасын улаумен айналысады. Екінші этап қарулы жорыққа дайындық. Алғашында Сирия халқы ИШИМ-ді дұрыс бағытта деп ойлады. Себебі, Башар Асадтың саясатынан əбден шаршаған халық ИШИМді құтқарушы күш деп қабылдады. Уақыт өте келе халық ИШИМ-мен тығыз байланыс жасағаннан кейін, соларға бағынышты болды. ИШИМ-нің «Сен бізбен біргесің немесе бізге дұшпансың» деген ұрандары бар. Олар қарапайым халықты өздері ойлап тапқан шариғат жолмен жүруге мəжбүр етті. Ал, бұл жолмен жүрмегендерді аяусыз өлтіріп жатты. ИШИМ қатаң жүйемен жүреді. Ер адамдар міндетті түрде сақал өсіріп жүруге тиісті, ал, əйелдер барлық жерлерін бүркеп алу лары керек. Кез-келген көзқарас олардың көзқара сымен сəйкес болуы керек. Егер шариғи тұрғыдан артық сөз сөйлеп немесе теріс көзқарас білдірсең, міндетті түрде жазалайтын. ИШИМ шетелдерден жастарды қатарына тартумен көп айналысады. Жастардың санасын улап, əбден мəңгүрт етіп, дайын əскер қылып шығарады. ИШИМ қатарында осындаймен айналысатын білікті психолог мамандар бар. Сонымен қатар, ИШИМ қол астындағы жергілікті жерлерде тек өздері ғана билік жүргізеді. Қарапайым халыққа олардың ісіне араласуға мүмкіндік бермейді. Қазіргі таңда ИШИМ басқарып отырған Əбу Бакрəл-Бағдадидың қолында мыңдаған бейкүнə мұсылманның қаны жатыр. Бұл ұйым ешбір ислам дініне сəйкес келетін амал жасап жүрген жоқ. Бұлардың қатыгездігін көріп мұсылмандыққа жат тірліктер істеп исламды қаралап жатқандарына бүгінде көзім жетті». ИСЛАМ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ИШИМ ТУРАЛЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ Соңғы кезде Сирия мен Ирак елдеріндегі қарама-қайшы көзқарастардың туындауына, екі елдің тыныштығын бұзып, халықтың отанынан безіп көршілес елдерден пана іздеуіне бірден бір себепкер ИШИМ. Ғалымдар бүгінде ИШИМ-нің Ислам атына кір келтіретін теріс пиғылды əрекеттерін қатты сынға алып, арнайы пəтуа шығарып, өз көзқарастарын білдіруде. Пəтуалар мен ғалымдардың көзқарастары араб-ағылшын тілдерінде жарық көруде. Назарларыңызға Бүкілəлемдік мұсылман ғұламалар ұйымының ИШИМ-ге қатысты тұжырымдамасын ұсынамыз. Бүкіләлемдік мұсылман ғұламалар ұйымы Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Бүкілəлемдік мұсылман ғұламалар ұйымы қазіргі таңда ИШИМ деп танылған ұйымның ұстанымдары Мұхаммед Пайғамбар алып келген ислам дініне сəйкес келмейтінін айтқысы келеді. Бүгінде ИШИМ-нен мұсылмандарға пайдасынан гөрі зиян шегіп жатқан жайы бар. Баршамыз тарихтан білетіндей, халифат астында өмір сүрген мұсылмандар қашанда бақыт пен қуанышқа кенеліп, өзге дін өкілдерімен тату өмір сүрген. Қазіргі жағдайға байланысты ғұламалар ұйымы ИШИМ-ге қатысты төмендегідей тұжырым айтады: Расында, біз Мұхаммед Пайғамбар жолына сəйкес халифаттықты қашанда аңсап келеміз. Ол халифаттың өзіндік шарттары мен ережелері бар. Ұстанымдары толық ислам шариғатына сəйкес келуі керек. Халифат жарияланған елдің барлық ішкі де сыртқы мəселелері халықпен кеңесу арқылы шешімін табады. Өйткені, Құранда Алла Тағала: «Ей, Мұхаммед, олармен (мұсылмандармен) кеңесіп, ақылдасып қадам жаса» деген. Керек десеңіз жаңа туылған нəрестенің емуі мен тамақтану мəселесі де кеңесу арқылы жүзеге асады. Өкінішке қарай, қазіргі Ирак жеріндегі халифат өз дегендерін жүзеге асырып, басқа мұсылмандармен санаспастан жеке бағытта мемлекет құрып алған. Тіпті, бұл құрылған мемлекетті халифат деп айтуға да тіл бармайды. ИШИМ қазіргі таңда бүкіл əлемді үрейлендіріп, халықтың назарын өзіне аударуда. Олардың ұстанған жолдары, əрекеттері мен шешімдері тек өздерінің көзқарасымен ғана жүзеге асады. Алайда, мұсылман үмбеті тұрғанда осындай бірбеткейлік əрекет қашанда құлдырауға алып келеді. Себебі, тарихтан белгілі ислам халифаты кезінде халықтың арасында қандай да үлкенді-кішілі мəселе туындаса оны ғұламалармен бірлесе отырып шешімін тауып отырғаны белгілі. Шынайы халифат халықтың татулығын көздеп бүлікке жол бермейді. Қазіргі ИШИМ-нің жантүршігерлік əрекеті адамдар арасында өздеріне деген теріс көзқарасты қалыптастырып үлгерді. Бұдан сорақысы, ол тарих куə болған шынайы халифаттың бейнесін қара етіп көрсетіп отыр. Аллам біздерге тура жол көрсетер ақыл бере гөр жəне адасудан сақта! Ғұламалар ұйымының Бас хатшысы Али Мұхиддин əл-қарһадағи АХМЕД ТАЙБ, «Əл-Əзһар» шейхі: «Ислам мұндай сұрапыл әрекеттерден пәк» «Ирак халқы дəл қазір бойдағы бүкіл күшті біріктіріп, елдегі болып жатқан қантөгіске төтеп берудің жолдарын қарастыруы керек. ИШИМ бүгінде елдің тыныштығын алды, көптеген бейбіт халықты аяусыз қырды, мешіттерді, тарихи жəдігерлерді жоюды əдетке айналдырды. Өзге конфессия өкілдерін өздеріне дұшпан тұтты. Ислам атын жамылып мұндай теріс əрекеттерге баруына бүкіл əлем куə болып отыр. Алайда, Ислам мұндай ұйымдардан жəне олардың сұрапыл əрекеттерінен пəк. Осындай қантөгіске апаратын əрекеттер ешбір дəстүрлі дінде жоқ. Салдарынан, бүгінде Ирак жерінде конфессияаралық төзімділік, діндердің ынтымақтастығы, достығы деген ұстаным жоғалған сыңайлы».

4 МӘСЕЛЕ 17 ШІЛДЕ 2015 ЖЫЛ Тґлеген ТАЛДЫБАЕВ: «ИМАН МЕН АМАЛ БѲ ЛЕК ҰҒЫМДАР» Бүгінгі қоғамда иман мен амалдың біртұтастығын алға тартып, ұстанымында болмаған адамдарды күпірлікпен айыптайтын ағым өкілдерін жиі көреміз. Мұсылмандар арасындағы індетке айналған мəселе əрбір қоғам мүшесінің жүрегіне екіұдайлық сезім ұялатады. Бəрінің ойлайтыны Исламдағы иман мен амалдың ара қатынасы қандай? Екеуі бір ме, бөлек пе? Алланың ақырғы Елшісінің (с.ғ.с) бұл мəселеде ұстанымы қандай болды екен? Осы сұрақтар төңірегінде Ақтөбе обылысы Дін істері басқармасының жанындағы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Төлеген ӨМІРЗАҚҰЛЫМЕН əңгімелескен едік. Исламда иман мен амалдың арақатынасы қандай? Амал мен иман екеуі бір нəрсе емес. Алғашқы үш буын мұсылмандары иман мен амалдың бір-бірінен бөлек нəрсе екенін айтқан. Иə, адамға алдымен иман келеді, амал оны қорғайды. Бірақ, екеуі бір нəрсе емес. Екеуін бір нəрсе қылғысы келген адам «тəкпірлікпен» айналысқаны. Адамды күпірлікпен айыптадың ба, онда оның жаны, малы, ары адал. Бір мұсылман екінші бір мұсылманды өлтіру үшін міндетті түрде оны кəпір қылуы керек. Осы індетті біздің арамызға тастаған. Осының салдарынан, сонау ғасырлардан бері мұсылман мұсылманды өлтіруге «негіз» тауып, қару көтере бастады. Бұл исламның негізі емес. Мұнымен айналысқандар дінде шектен шығушылар болып табылады. Шын мəнінде Ислам шектен шығушылықтың емес, жеңілдік пен орта жолдың, көркем насихаттың діні. Бұл Алла жəне оның Елшісінің (с.а.с) мұсылмандарға қалдырған ұлы мирасы. Бұл жайында Ұлы Алла өз кəлəм-шəрифінде: «Біз сендерді орта жолды ұстанушы бір үммет қылдық» деп баяндайды. Адамзатты алдап-арбауға жəне адастыруға арналған шайтанның екі жолы бар. Ол өзінің бірінші жолына, дінінде немқұрайлылық танытып, күнəға бет бұрғандарды итермелесе, ал екінші жолына Аллаһқа бет бұрған пенделерді, оларға дінде асыра сілтеу мен шектен шығу секілді қате түсініктерді көркем етіп танытып қояды. Əрине, сол арқылы оларды да тура жолдан адастырып, ақырында жойып жібереді. Шектен шығушылық діннің бүкіл салаларында көрінуі мүмкін. Кез-келген шекарадан шығудың соңы жойылып кетуге əкеліп соқтырады. «Алла Елшісі (с.а.с): «Шектен шыққандар жойылды!» (Муслим), - деп үш рет қайталағаны жайында Ибн Масғуд (Аллаһ одан разы болсын) жеткізеді. Ғұламалардың Қазіргі таңда діндегі асыра сілтеушілік пен шектен шығушылық барлық жерде көрініс табуда. Соның ішінде сенім, ұлттық құндылықтар мен дəстүр, мемлекеттік құрылымды сынау мəселесіндегі шектен шығушылықтар қоғамда қатты белең алып отыр. Бұл бағыттағы əрекеттердің нəтижесі қоғамды жүйесіздікке əкеліп соғары анық. басым көпшілігі аталмыш хадисті ашықтай отырып: «Бұл сөз сенімде (Итиқад), сол сияқты амалда да (Аъмаль) барлық шектен шығушылыққа қатысты жалпылама айтылған»,-деген. Қазіргі таңда діндегі асыра сілтеушілік пен шектен шығушылық барлық жерде көрініс табуда. Соның ішінде сенім, ұлттық құндылықтар мен дəстүр, мемлекеттік құрылымды сынау мəселесіндегі шектен шығушылықтар қоғамда қатты белең алып отыр. Бұл бағыттағы əрекеттердің нəтижесі қоғамды жүйесіздікке əкеліп соғары анық. Енді осыларға жеке-жеке тоқталып өтуге тырысайын: - Күпірлік жəне көпқұдайшылдықпен айыптау (такфир, мушрик) (тарихта осы мəселенің салдарынан алғаш рет мұсылман мұсылманға қару көтерген); - Ақиқатты иемдену («тек мен ақиқаттамын, қалғандары адасқан»,- деген түсінікте болу); - Ауыр күнə адамды діннен шығаратындығына сендіру (тарихта осы мəселе түрлі ағымдардың шығуына себеп болған, Хариджиттердің сипаты); - Ұлы Жаратушымызды жаратылғандарға (мақлұққа) ұқсату, жаратылғандардың сипатымен сипаттау; - «Біздің» ақидамызда болмағанның артынан құлшылық жасамау, - Басшылыққа қарсы шығуға шақыру; - Бүкіл үмбет мойындалған жəне мақталған ғалымдарды, дінсіздік пен адасушылықта деп айыптау; - Қасиетті жазуларды тікелей түсіну. Астарлы мағынасына қарамау, ол туралы зерттемеу. Мəселен; «Сені кім қалай жазаласа, сен де оны тура солай жазала» дегенді алып, Алланың атымен адамдарды торға қамап, ішінде өртеп жіберіп жатқандарды көріп жатырмыз. «Жазасы осындай. Олар бізді ұшақпен бомбылады. Бізге от ұсынды. Біз де оған от ұсынамыз». Яғни, Құран, хадистердің мəтінін тіке түсіну. Осындай түсінік қалай арамызға кірді, солай бүлік басталды. Бұдан құтылмайынша бүлік тоқтамайды. Иман мен амалдың бөлек ұғымдар екені турасында Алла Елшісінің (с.ғ.с) өмірінен өнегелер бар ма? Бар, əрине. Əуелі Құраннан дəлел беріп өтейік. Ұлы Аллаһ «Ниса» сүресінің 94-аятында былай баяндайды: «...Сендер мұсылманшылығын білдіріп сəлем бере келгендерді дүние мүлікке (олжа) қызығып: «Мұсылман емессің демеңдер»...». Егер қандай да бір адам «Ассаламуалейкум» дейтін болса, оған ешқашан кəпірсің деуге болмайды. Бірде Алла Елшісінің (с.ғ.с) «Адамдар «Алладан басқа Тəңір жоқ, Мұхаммад оның елшісі» дегенге дейін күресуге əмір етілдім. Адамдар мұны айтуменен жаны мен малының қауіпсіздігін сақтайды» деді. (Муслим, «Иман», 8) «Олар амал етпесе немесе намаз оқымаса» демеді. Сол себептен адам амал жасамаса кəпір болмайды. Бірақ, бұйырылғандарды орындамағаны үшін жауаптан да құтылмайды. Тағы бір мысал. Бəріміз тарихтан жақсы білеміз, мұсылмандар Меккеден ең алғашқы һижретті Хабашстанға (Эфиопияға) жасады. Ол жерде мұсылмандарды қабылдап алып, қамқорлық көрсеткен Эфиопия басшысы Нежаши қайтыс болғанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Біздің бауырымыз дүниеден өтті, жаназа оқимыз» деп, алдында мəйіті жоқ, Эфиопияға бетін бұрып, Мəдина қаласында жаназа оқыды. Жаназаға бүкіл сахабалар тұрды. Ал, Нежаши болса, христиан мемлекетінің басшысы, өмірінде Құранмен үкім етпеген. Өмірінде намаз оқымаған, ораза ұстамаған. Керек болса, Ислам үкімдерін қабылдамаған. Бəлкім, қабылдаса да орындамаған. Амал мен иман бір нəрсе болатын болса, Нежашиге оқыған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жаназасы түсініксіз болып қалады. Бұл туралы сансыз дəлелдер көрсетуге болады. Иман мен амалдың екі нəрсе екеніне Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірінен де өнегелер бар екен. Онда азаматтарымызға соны неге түсіндірмеске? Олардың алдына тосқауыл қоюда неден ұтылып жатырмыз? Биыл тарихи оқиға ретінде бағалауға тұрарлық «Имамдар форумы» өткені белгілі. Осы форумда төрт бірдей халық үшін рухани маңызы бар құжаттар қабылданды. Соның бірі Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы. Ендігі жерде бəріміз жабылып, жүз түрлі ағымның əртүрлі жағдайларын айтқанша, жатпайтұрмай осы «Тұғырнаманы» насихаттауымыз керек. Тұғырнаманың ішіне 3-4 заманауи мəселелер қосылғаны болмаса мазмұны сонау Қараханиттер дəуірінде қабылданған, Керей мен Жəнібек хандар заманында қалыптасқан, Қасым ханның «Қасқа жолы» мен Есім ханның «Ескі жолының» құндылықтары негізінде жасалған. Қала берді тарихымыздағы билер институты, т.б ұлттық дүниетанымның барлығы қамтылған. Бұл бұрынғы өзіміздің діни дүниетанымымыз. Əр үйде осы тұғырнама болуы керек. Тілі былдырлап шыққан балаға «Мынау сенің негізің», «Мынау сенің дінің», «Мынау сенің ұстанымың, көзқарасың» деп берсе, жеңілірек болатын еді. Біреудің жамандығын айта бергенше, өзіңнің ақиқатта екеніңді түсіндіру тиімді болмақ. Діни тақырыптағы талас-тартыстарды алдын алудың қандай əдістəсілдерін ұсынар едіңіз? Алдымен, азаматтардың көзқарастарын өзгертуге ықпалды білімді мамандарды жұмылдыра отырып, негізгі əдістемелік құралдарды құрастыру. Айталық, əдістемелік құралдар дайындау, оқыту бағдарламаларын жасап осы салада қызмет жасап отырған азаматтарды оқыту аса қажет деп ойлаймын. Ғаламтор арқылы тасымалданатын иесіз ақпараттар мен роликтерге дер кезінде тұшымды жауаптар беруіміз керек. Қоғамдағы өзекті діни мəселелердің жауабын уақытылы беру, ғибратты роликтер, қысқа метражды фильмдер түсіру жəне уəкілетті мамандармен сұхбаттар ұйымдастыру ісі өз пайдасын беруге тиіс. Түрлі көзқарастағы азаматтарға арналған Ислам білімі мен мұсылман тұрмысының ара жігін ажыратып беретін еңбектер жазып, қоғамдағы жəне азаматтар арасындағы талас-тартысты «тазалау» керек. Əңгімеңізге рахмет! Əңгімелескен Оразбек САПАРХАН

17 ШІЛДЕ 2015 ЖЫЛ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ 5 АЗАН, ҚАЗАН БОЛМАСЫН! Азан үні мына бүгінгі қоғамда қазақтың еркін, егемен ел екендігін ашық түрде жариялап, санасы кешегі кеңестік дерттен əлі де айықпаған қазаққа күніне бес рет ескертіп тұратын керемет əуен еді... Əттеген-ай, дегенмен кейбір іштен шыққан, жарғақ құлақтыларға жағымсыз естіліп жатыр екен. Өкінішке қарай, іштен де сырттан да қазақтың есін жидырмай, сол кешегі құлдығына қайтадан құрақ ұрғызып, қазақты өткен тарихымен қайтсек байланысын үземіз деп жүрген орталықтар мен ұйымдар жеткілікті. Солардың жемсауына малданып, ислам дініне, қазақ мəдениетінің мазмұнына шекірейіп, одақ құрып, «үй ішінен үй тігіп», одағайланып жүргендерге «азанмен» қосылып ескерту жасағым келеді. Біз қазақ деген болмысқа ислам арқылы қауышқан елміз. Егер біз бүгін өзімізді мəдениет, ұлт деп есептесек, анықтасақ, онда сол мазмұн мен мəнде ислам діні, тұғыр ретінде, ең басты құндылығымыз. Құндылық ол «ұлттық меннің» тіршілігінің алғышарты. Сондықтан өзі қазақпын деген əрбір адам, өз құндылығына ең болмаса құрметпен қарауды борышым деп ұққаны абзал. Түріктің ұлы ақыны Мехмет Ерсой (Туркия Республикасы əнұраны авторы) кезінде отанын дұшпан аяғы таптағанда, əлемді атеизм, позитивизм дерті қаптағанда, азанды діні мен ұлтының негізі, шахадат белгісі ретінде бағалапты. Азанның үнін елі мен жерінің амандығының ишараты деп танытыпты. Расында азан үні, Құран қырағаты, адам санасында, мұсылман үшін өткені мен бүгінгі құндылығын жалғап тұрған көпір сияқты. Рухына əсер, қуат берер дем, рухани самал, зікір... Қазақта жаңа туған баланың атын, азан шақырып барып қоятын болған. Мұның мəні тереңде жатыр. Өмірге туа сала қадам басқан баланың рухына, санасына азанның əсем əуені арқылы оның мына дүниеде де ислам табиғатымен сомдалуын қалаудан туған ишара болатын. Адам құрсақта жатып, негізгі отанымен, кіндігі арқылы байланысуын, Құранда,«адамзаттың барлығы ислам фитратымен туылады» дейді. Туған соң оны ата анасы оған діндерін үйретеді. Қазақ та осы негізге орай, туған баласына туа салып құлағына азан шақыратын болған. Сосын «бауы берік болсын!» деген «Азан үні ол тыныштықтың, елдіктің, амандықтың, жауапкершіліктің, қуаныштың, мақтаныштың үні. Олай болса, мен неліктен, бұл ойды, бұл ұстанымды, бұл сазды, əсем үнді шарықтатып, бар даусыммен айта алмаймын... Ол үшін неге бүгінгі ғылым мен техниканың мүмкіндігін пайдаланбасқа? тілегі, баласының ендігі бауы, байланысы, осы туған жері, екінші отанына адал, берік болсын дегені еді. Осы құтты тілек, азанмен бекіп, өмір бойы оған бағдар болсын деген таным, түсінік қалыптасып, қазақтың құндылығына айналған. Бесіктегі балаға айтылған «əлди» де осы азан сазы, оның құлағынан кіріп, бойын алатын, рухымен сомдалатын музыка болатын. Бүгінгі жас ұрпаққа да өз елі мен жерін, мəдениеті мен дінін, ұлты мен отанын сүюге, қадірлеуге азаннан асқан қандай бағдар, дəстүрлі тұғыр бар?!! Қараңыз, азанның мазмұнына «Ең ұлы Алла» деп төрт реттен, күніне жиырма рет ескертіп отыр. Алланы зікір ету əрине ішкі сыртқы қуатты дауыспен айтылады. Кешегі кеңестік кезеңде, «Алла жоқ» деп өскен ұрпақ, ұлтын да, мəдениетін де, өз болмысын да ұмытып, орыстанып кеткен жоқ па? Қала берді кешегі өткен бабаларымыз «əрдайым Алланы зікір ет!» ұмытпа деп аманаттап кеткен жоқ па? Құлағында азан үні, жүрегінде Алла сезімі, ана сүтімен берілген тілі, адамдық ары мен ділі де осы азанға қатысты. Бұл «Баланы бастан» деген ұлттық педагогикамызда да солай. «Алла бар, Алла Ұлы» деп өскен ұрпақ ертеңгі еліңнің баяндылығының кепілі. Сосын азанды қазақ «Пайғамбар аманаты» деп білген. Мұхаммад азаны...яғни, дініңе деген құрметті əр күні арайлап атқан таңменен бастайсың. Азан үні, Алланың əр көрсеткен күнін, рызқы мен несібесін, жан амандығыңды, сонымен қатар жалпы елдің амандығы мен қоғамның тыныштығын есіңе салып тұратын əсем де қасиетті əуен. Иасауи атамыз айтады: «Бір қоғамның рухани дамуының төрт басты шарты бар, ол макан, заман, ихуан, рабти султан». Міне рухани дамуға ең басты тұғыр «отанымыз» бар, заманымызда «тыныштық» бар, ихуан дініміз ислам құндылықтарынан тұратын қазақ ұлттығымыз бен мəдениетіміз бар, ең бастысы, егемен еліміз, рабти султанымыз бар. Осындай құтты, берекелі хəліміздің ырғағы, азан үнімен тербеліп жатқанына шүкіршілік...ал егер азан орнына бомбалар жарылып жатса ше..беті аулақ!!! Иасауи атамыз «Хəлін білмеген һалақ» деп осындайларға айтқан болу керек. Алла тағала бəрімізге, Егемендіктің, елдіктің, тыныштықтың қадірін білуге жазсын!!! Қадір деген ол ұлы өлшем. Кез келген ойды айтарда, өлшеп, жақсы мен жаманның айырмасын ажыратып, өз құндылығыңа салып таразыға тартып алған абзал. "Мен қазақпын" деп алып, сол қазақты қазақ қылған құндылықтардың құнын өзің бастап балталап жатсаң, ертең сырттан келіп саған ешкім болыспайды. Өзіңнің шыққан бұтағыңды, өзің шаппауды сезінуді, білуді, тануды үйренетін уақыт жетті ағайын... Азанның сөзіне қарасаң, «Құдайға құлшылыққа шақырып, сонда ғана рухани арыласың» ол үшін «Ояу бол!» деп тұрған жоқ па? Кешегі Алаш қайраткерлері де «Оян, қазақ!» деп кеткен жоқ па? Азан саған физикалық та, рухани да ояу болуды ескертіп тұрса, мына елдің аманатын саған жүктеп тұрған жоқ па? Олай болса, аманаттан қалай қашамыз? Қайда қашамыз, ағайын...аманатқа қиянат жасау деген ол ең үлкен күнə емес пе? Сосын «Сен қазақсың, сен азатсың, сен аманат иесісің» деп еске салып тұрған азанды неліктен «сыбырлап» айтуымыз керек.. Кезінде азан үні қатты шықсын деп, екі қолымен құлағын жауып бар даусымен, айтудың астарында мəн бар ағайын. Азан үні ол тыныштықтың, елдіктің, амандықтың, жауапкершіліктің, қуаныштың, мақтаныштың үні. Олай болса, мен неліктен, бұл ойды, бұл ұстанымды, бұл сазды, əсем үнді шарықтатып, бар даусыммен айта алмаймын...ол үшін неге бүгінгі ғылым мен техниканың мүмкіндігінен пайдаланбасқа? Қорыта айтқанда ағайын, азан сунна арқылы, Құран аятымен нақтыланған, ислам дінінің негіздеріне жатады. Ислам тарихында пайғамбарымыздың Мəдина дəуірі кезеңінде, 623 жылы тарихи құбылыс ретінде, құлшылықтың бөлінбес бөлшегі деп танылды. Ал, «Маида» сүресінде азан шақырылғанда, оны келемеждеп, əзілге, күлкіге айналдыруды санасыз, ойсыз қоғамның белгісі деп танытқан. Ендеше, азанымыз қазан болмасын! Мына қасиетті Отанымызда азан үні таңмен бірге, арайлап, шарықтап, əсем əндей қалықтай берсін! Құранда айтылғандай, Алла бізді, санасыз, ойсыз, құл болудан сақтасын! Досай КЕНЖЕТАЙ, Теология жəне философия ғылымының докторы Айт мейрамының ерекшелігі (Жалғасы. Басы 1-бетте). Керісінше, жамағат айт намазын оқығаннан кейін бір-бірінің үйлерін аралап «Айт құтты болсын!» айтысып, жайылған дастарханнан дəм татады. Ораза айт мейрамында «Арапа» болмайды. Арапаның ораза айтына еш қатысы жоқ. Арапа (Арафа) зулхижжа айының тоғызыншы жұлдызы, Құрбан айттың алдындағы күн. Ол «танысу», «білу» деген мағынаны береді. Арафа күні қажылықтың «Арафа» алқабында тұру рəсімі орындалады. Келесі күні Құрбан айт мерекесі басталады. Демек, арапа тек Құрбан айт мейрамына тікелей қатысты. Рамазан оразасы кіргеннен бастап айт намазының оқылуына дейінгі аралықта пітір садақасын беру уəжіп болып табылады. Айт намазынан кейін берілген садақа, жəй садақа болып есептеледі. Пітір садақасының шарттары мынадай: мұсылман болу, азат болу керек (бостандықта), қажетінен артық мүлкі болу керек. Пітір садақасы бидай, арпа, құрма, мейізбен немесе осы тағамдардың базардағы нарқына сай ақшасымен есептеп беріледі. Бүгінде оның мөлшері Қазақстан бойынша 200 теңге. Пітір садақасын рамазан айының алғашқы күнінен бастап беруге болады. Пітір садақасы пақырларға, міскіндерге, жолда қалған садақаға мұқтаж адамдарға беріледі. Пітір садақасын алдымен жергілікті жердің мұқтаж адамдарына тарату үшін мешітке берген абзал. Ершат ОҢҒАРОВ

6 ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 17 ШІЛДЕ 2015 ЖЫЛ Қадір түні Қағба мен пайғамбар мешітіне 2,5 млн мұсылман жиылды Меккедегі «Əл-Харам» мешіті мен Мəдина қаласындағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітіне 2,5 млн мұсылман жиылды. Мұсылман үмметі Рамазанның 27-ші түніне, қадір түніне орай құптан намазы мен тарауихты оқып, дұға-тілек жасау үшін киелі мешіттерге келді. Сауд Арабиясы БАҚ мəліметтерінше, Қағба 2 млн адамды қабылдаған. Ал пайғамбар мешітін жарты миллионға жуық қажылар зиярат етті. Мешіт шіркеуді марапаттады Калифорнияның Сакраменто қаласы Салам ислам орталығынында осы аптада босқын мұсылмандардың қалаға тұрақтап, орналасуына атсалысқан жергілікті шіркеу қызметкерлерінің құрметіне салтанатты кеш өтті. Бұл туралы The Sacramento Bee хабарлады. Айтулы рəсім ораза айының ауызашар кешіне орайластырылып, онда жергілікті билік өкілдері, мешіт имамдары мен шіркеу қызметкерлері, бас-аяғы 200-ден аса қонақтар қатысты. Кеш барысында мұсылмандарға қол ұшын созып, демеу болған шіркеу қызметкерлеріне «дінаралық татулықты арттырғаны үшін» арнайы марапат табысталды. 1913 жылы негізі қаланған Марка Шетлер шіркеуі 2009 жылдан бері 100ден аса босқындарға материалдық көмек жасаған. Сондай-ақ Сакрамента қаласына 500 босқынның орналасуына атсалысқан. Сонымен қатар, шіркеу соңғы 4 жылдан бері мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында Салам ислам орталығына келуші Ислам - Қытай жастарының жан қалауы Жуырда ғана жүргізілген əлеуметтік сауалнама нəтижесінде Ислам діні Қытай елі жастарының арасында кең тараған дін болып танылды. жүздеген жамағатына арнап ауызашар дастархандарын да дайындап келеді. Осындай дінаралық татулықтың айқын белгісін көрсеткен шіркеуге Сакраменто мешіті имамдары алғыс білдіріп, құрмет көрсетті. Қытайлық жастар арасында 30 жасқа дейінгі буында Ислам дінін ұстанушылар қатары буддизм немесе католик дініндегі адамдар санынан артық болып шықты деп хабарлайды Christian Today. «Ислам діні жастар ортасында кең тарауда. Ислам дінін ұстанушылар этникалық азшылықты құрағанымен, əр мұсылман əйелі бірнеше бала табады» дейді Реньмин университеті философия мектебі буддистік зерттеуші профессор Вей Дедонг. 2015 жылғы зерттеу деректері 30 жасқа дейінгі қытайлықтардың 22,4% Ислам дінін ұстанатынын, ал 22% католик сенімінде екенін көрсетті. Ал 60 жастан асқан Қытай халқының жартысынан көбі буддизм мен даосизмді ұстанады. «Рембо» содырлармен соғыспақ Əлемге танымал «Рембо» фильмінің кезекті түсірілімі Таяу Шығыста өткізілмекші. Онда бүгінде көптеген елдің əскеріне бой бермей отырған ИШИМ секілді содырлардың əскерімен соғыс көріністерін көрсету жоспарланған. «ИШИМ» қатарына қосылуға ең бейім қай халық? Жуырда БҰҰ-ның сарапшылары радикалды топтарға қосылуға бейім тұратын ел азаматтары анықталып, көштің басын Тунис бастады. Себебі, қазіргі таңда тунистіктердің қатары басқа ұлттармен салыстырғанда өте көп. Ливия, Сирия, Ирак жерлерінде жалпы тунистіктердің саны 5500 азаматты құрап отыр. Сарапшы Элизаветта Карса айтуынша, қазіргі қақтығыс болып жатқан жерлерде əр түрлі ұлттардың ішінде тунистік азаматтардың саны басқаларға қарағанда əлдеқайда жоғары көрсеткішті көрсетіп тұр. Қақтығыс территорияларын зерттеу барысында анық болғандай, бүгінде Сирияда 4000, Ливияда 1500, Иракта 200, Малида 60 жəне Йеменде 50 шамасында тунистік азаматтар бар көрінеді. Елдің Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бүгінге дейін лаңкестік əрекеттерге барып қосылмақ болған 12500 азаматқа тосқауыл қойылды. Ал, сыртқы қақтығыс орындардан елге оралғандардың саны 500 шамасында болып отыр. Туындының 69 жастағы басты қаһарманы əрі режиссері Силвестер Сталонне «Рэмбо: Соңғы қан» атты фильмде ИШИМ-мен жалғыз арпалысады. «ИШИМ-нің негізгі күштері орналасқан Ирак пен Сирия жерлерінде біздің арнайы командамыз бар. Біз жергілікті тұрғындармен жұмыс істеп, киноның шынайы болуына күш саламыз» дейді Сталонне Comic-Con фестивалінде берген сұхбатында. С.Сталонненің аталмыш картина сценариі бойына үздік солдатты сомдайтыны жайлы хабар осы жылдың қыс мезгілінде белгілі болды. Дегенмен, туынды алғашында мексикалық есірткі саудегерлерімен күрес туралы болған екен. Алайда, танымал актер бұл көрермендер үшін қызықты болмайтынын айтып, тақырыпты өзгерткен. «Рэмбо» фильмінің алғашқы сериялары 1982 жылдан басталады. Онда басты қаһарман С.Сталонне əлем бойынша, Ауғанстаннан Вьетнамға дейінгі аралықта түрлі топтармен күреске түскен. Сатылы фильм осындай сюжеттерімен оған үлкен танымалдылық, дəреже алып келді. Айт намазын оқуға тыйым салды Барша мұсылмандар қасиетті рамазан айы біткен соң, айт мерекесін таңғы айт намазын оқып қуанышпен күтіп алады. Алайда, «ИШИМ» айт намазы ислам шариғатында жоқ, деген көзқараспен өзінің үстемдігін орнатқан Мосул қаласында айт намазын оқуға тыйым салды. Мосулдағы «ИШИМ» содыры жəне Күрдістан демократиялық партиясының мүшесі Исмат Ражаб: «Айт намазы Мұхаммед пайғамбар дəуірінде тəжірибе ретінде ғана оқылған. Алайда, сүннет болып бекітілген емес. Сондықтан жергілікті халық айт намазын əдеттегідей оқуларына тыйым саламыз» деді. Осылайша«ИШИМ» қол астындағы елді мекендер осындай шариғисымақ үкімдерге бойсұнуға мəжбүр болып отыр. Атап кетсек, «ИШИМ»-нің шариғатқа осндай заңдылықтарды енгізуі бүкілəлемдік мұсылмандар ғұламалар кеңесі, Мысыр жəне Сауд Арабия мүфтилері тарапынан қатты сынға ұшыраған болатын.

17 ШІЛДЕ 2015 ЖЫЛ САРАПШЫЛАР БАҒАНЫ 7 СҰРАҚ СІЗДЕН -- ЖАУАП БІЗДЕН Зәмзәм суының қандай қасиеті бар? Балғабек МЫРЗАЕВ, Теология ғылымының докторы Зəмзəм бұлағы қасиетті Кағбадан шамамен 21 метр қашықтықта орналасқан. Əуелде жердің бетінде көрініп тұратын еді. Жыл өткен сайын, қажылардың санының көбеюіне байланысты тауаф жолын кеңейту мақсатында зəмзəмды төменгі қабатқа көшірді. Бүгінде зəмзəм бұлақтары толығымен жабылған, қасиетті су құбыр арқылы шүмектен ағады. Зəмзəм суы туралы Пай ғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жер бетіндегі ең қасиетті су зəмзəм суы. Ол əрі ас, əрі шипа», деген. Бұған қоса, зəмзəм бұлағы əлемдегі ең киелі жер Мекке қаласында Қағбаның жанында орналасқан. Ғалымдардың айтуынша, бұлақтың пайда болғанына шамамен 5 мың жыл. Заманауи зерттеулер нəтижесі зəмзəмнің ең таза су екендігін анықтап отыр. Зəмзəм суының қасиеті туралы Сахаба Жабирден (р.а.) риуаят етілген тағы бір хадисте: «Зəмзəм ішкен ниетке байланысты»,-делінеді. Ал, Ибн Аббас (р.а.) зəмзəм ішкенде: «Аллаһым! Сенен пайдалы ілім, мол ризық-несібе жəне барлық дерттен шипа сұраймын»,-деп дұға етеді екен. Осыған орай, зəмзəм су болғанымен оның аш адамды тойдыратын, науқасқа дəрі болатын шипалық қасиеті бар екенін де айта кеткен жөн. Имам Шафиғи (р.а.): «Зəмзəмді үш тілек айтып іштім. Мерген болайын деп, менің атқан он жебемнің оны да нысанаға дөп тиеді. Əйтпесе, оннан тоғызы тиеді. Ілім сұрап іштім, ілімдегі орным өздеріңе мəлім. Жəннат сұрадым, ол тілегім де қабыл болады деп үміт етемін»,- деген екен. Сондықтан, зəмзəмді ішер алдында дүниелік жəне ақыреттік тілектерді айтып, дұға жасап ішкен дұрыс. Исламның "орта жол" ұғымын қалай түсінеміз? Айнұр ƏБДІРАСЫЛҚЫЗЫ, ф.ғ.к., дінтанушы Орта жолды ислам ұстанымы қазақ қауымы үшін жаңалық емес. «Қазақ мың жылдан бері мұсылман ел», «Қазақ халқының мың жылдық толеранттылық тəжірибесі бар» деген сөздерді біз негізсіз қолданып жүрген жоқпыз. Осы мың жылдық мұсылмандықтолеранттылық тəжірибеміз қазақ дүниетанымы мен болмысын нағыз шектен шықпайтын, орта жолды ұстанған, байсалды, мəмілегер болмыс ретінде қалыптастырды. Бұл айтылғандарға дəлел бола алатын екі сала қайнар көз бар: Біріншісі ислам ілімін жетік Ораза айтта не істеген жөн? Мұхан ИСАХАН, Исламтанушы Ислам дініндегі қойны-қонышы хикметке толы илаһи зор қуаныштың бірі Ораза айт мерекесі екені əмбеге аян. Мұсылман əлемі отыз күн оразадан кейінгі Шəууал айының алғашқы үш күнінде Ораза айт мерекесін тойлайды. Пайғамбарымыз (с.а.у) Ораза айт мерекесін алғаш рет хижраның екінші жылы (624 жылы) атап өткен. Бізге жеткен салих дереккөздерге қарағанда Исламға дейін Мəдина халқы əрбір жылы екі күн ұлан асыр той жасайтын болған. Меккеліктер: «Бұл қандай мереке?» деп сұрағанда, мəдиналықтар: «Жаһилиет дəуірінен бері тойлап келе жатқан мерекеміз» деп жауап берген. Бұны естіген Хақ Елшісі (с.а.у): «Алла тағала сіздердің бұл мерекелеріңізді Фитр (ораза айты) мен Құрбан мерекесі етіп өзгертті», деп бұйырады. Осы хадистегі «Фитр мерекесін» Ислам ғұламалары «Отыз күнгі оразадан кейінгі «Ораза айт мерекесі» деп біледі. Осылайша, Алла Елшісі (с.а.у)-ның бастамасымен ескінің сарқыншағы жаңа илаһи екі мерекемен алмастырылған болатын. Жафар бин Мұхаммедтің жеткізуіне қарағанда Алла Елшісі (с.а.у) Ораза айт мерекесі күндері əдемі киімдерін киіп жүретін. Ораза айтының намазын оқымай тұрып, май мен құрма жейтін. Хасан ас- Сабит: «Екі айтта да Хақ Елшісі (с.а.у) меңгеріп, қазақы дүниетаныммен астастыра білген, қазақы мұсылмандыққа негіз болған бірегей ілімдер қалыптастырған ұлтымыздың көрнекті тұлғаларының еңбектері; екіншісі халқымыздың діни танымын, рухани құндылықтары мен ұстанымдарын танытатын шығармашылық мұралары. Исламдағы «орта жол» ұстанымына біз халқымыздың дүниетанымында бұрыннан негізі қаланған, ғасырлар бойы қолданыста болған қалыпты исламға сəйкес қағидалар мен ілімдер негізінде ұлттық діни таным тұрғысынан келуіміз керек. Қазақта дін мəселесінде ешқашан шектен шығушылық көзқарастар, іс-əрекеттер орын алмаған; Алланың парызын, Пайғамбардың сүннетін тəрк етіп, күпірлікке салыну фактілері де болмаған; қазақ даласында ислам бізге əдемі киінуді, жұпар иіс себуді, жағдайға қарай семіз малды шалуды бұйыратын еді», дейді. Осы хадиске байланысты Ислам ғұламары мұсылмандарды Ораза айтының таң сəрісінде бой дəрет алып, тістерін тазалап, мұнтаздай таза һəм əдемі киімдерін киіп жүруге үндейді. Ораза айт намазынан бұрын пітір садақа беріп, мешітке барып уағыз-насихат тыңдаудың мустахаб (амалдардың абзалы) екенін айтады. Пайғамбарымыз (с.а.у)-ның «Мерекеңізді тəкбірмен (намаз) безендіріңіз» деген хадисі Ораза айт намазы хақында айтылған. Ханафия мазхабының ғұламалары Кəусар сүресіндегі «Фасалли ли Раббикені...» (Сондықтан, айт намазын оқы) Ораза айт намазына жасалған ишара деп біледі. Осыған орай біздің мазхабымызда Ораза айтының намызын оқу уəжіп (міндетті) саналады. Ал, Шафийлер мен Маликилерде сүннет муəккада (уəжіпке жақын сүннет), Ханбалияда парыз кифая (ешкім қылмаса, барлығына күнə жазылады) болып табылады. Ораза айт намазы күн найза бойы көтерілгенде (кераһат уақытының шығуы, яғни, күн шыққаннан кейін қырық бес минут өткен соң) мешіттерде оқылады. Уахаб ибн Мүнаббихтің жеткізуіне қарағанда Алла-тағала жұмақты осы Ораза айт күні жаратып, Туба (жаннаттағы өсімдік) ағашын осы күні еккен. Жебірейілді де осы күні пайғамбарларға уаһи түсіретін періште ретінде таңдап, перғауынның сиқыршыларының тəубасын Азан айту шарт па? Алау ƏДІЛБАЕВ, Теология ғы лы мының докторы Біздің мəзһабта азан айтудың үкімі муəк кад, яғни бекі тілген сүн неттің ішінде, кифая сүннет қа тарынан саналады. Сондықтан, бір ауданда, бір мешітте айтылса жеткілікті. Ал, азан айтылмаса, сол аудандағы мұсылмандарға күнə жазылады. Қалада тұратын адамдарға мешіттерде азан айтылатындықтан, азан шақырмай-ақ намаз оқуға болады. Əрине, уақыт болса мешітке барып, ғасырлар бойы өзінің орнықты арнасымен дамыған. Əрине, «Бес саусақ бірдей емес», адасушылықтар мен сауатсыздықтар жекелеген адамдар мысалында орын алған болуы мүмкін, бірақ мұндай келеңсіздік ешқашан топтық деңгейге көтеріліп көрген емес. Дəстүрлі ислам ұлт руханиятының тағылымды тəжірибесі. Бабалар салған жолды жаңғыртып, қазақы орта жолды, мəмілегер ислам түсінігін қайта қалпына келтіре алсақ, бүгінгі қазақ руханияты үшін осыдан үлкен олжа жоқ. Халықтың ғасырлар бойы жинаған рухани-діни құндылықтарын жинақтап, жаңғыртып, бүгінгі қоғам игілігіне жаратуымыз қажет. «Тағы не жетіспейді? Басқалардан не үйренуіміз керек?» деген сауалдарға содан кейін ғана жауап іздеуге болады. да осы күні қабыл еткен. Осы күні шайтанның əскерлерін бір жерге жиналып: «Сіз неге көңілсізсіз?», деп шайттаннан сұрағанда, ол: «Алла-тағала бүгін мұсылмандарға кешірім берді. Енді оларды қайтадан нəпсісіне бағындыру үшін жұмыс істеуіміз керек», деп мұсылман қауымының кешірімге ие болып, ұшпаққа шыққанына қатты өкінеді екен. Имам Ғазалидің жеткізуіне қарағанда осы күні барлық періштелер таң алакеуімде жер бетіне түсіп: «Уа, Мұхаммедтің үмбеті, оянып сыртқа шығыңыздар. Алла-тағала сіздердің барлық күнəларыңызды кешіреді», деп ораза ұстаған мұсылмандарды ізгі хабармен сүйіншілесе, Алла-тағала мұсылмандардың Ораза айт намазын оқуға мешіттерге келгенін көріп: «Сендер куə болыңдар. Мен оларға шексіз ризамын. Оларды кешірдім» дейді екен. Иə, Жаратушысына жүгінген жұмыр басты пенде Ораза айт мерекесінде періштедей пəк күйге бөленіп, Хақ шұғыласына шомып, хақиқат сырларына қанығады. Ағайын-жұрағат арқа-жарқа болып, бір сəт күйбең тіршіліктегі өкпе-назды ұмытып, қойны-қонышына симаған қуанышын бірбірімен бөліседі. Мұндай берекелі шақта бір-біріне деген жылуар сезімі атқақтап, көңілдің тұтастығы арта түседі. «Айт құтты болсын!» деп, ақ түйенің қарнын жарып, ұлан асыр той жасайды. Ендеше, Құдайтағала халқымызды осындай қуаныштан айырмай, дəйім айттан айтқа аман есен жетіп, ұлтымыздың мерейі тасып, бірлігі мен тірлігі арта берсін деп тілейміз! намазды оқып шыққанның сауабы мол. Алайда, асығыс жағдайда намаздың уақыты кіргендіктен намазды жеке өзіңіз оқып шыға беруге рұқсат бар. Бірақ, ол мəкрух саналады. Ал егер өзіңіз намаз оқып болған кезде, жамағат қамат айтып намазға тұрса, жамағатқа қосылып намаз оқысаңыз, жамағаттың сауабын аласыз. Бірақ, сіз парыз намазын оқып қойғандықтан, ол намаз сіз үшін нəпіл орнына жүреді.

8 ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ... 17 ШІЛДЕ 2015 ЖЫЛ «СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІ Елордада орналасқан «Сəдуақас қажы Ғылмани» мешіті еліміздегі тарихы тереңде жатқан мешіттердің бірі. Ақмолалық жамағат 1943-1944 жылдары Құсайын деген азаматтың екі бөлмелі шағын үйін сатып алып, жөндеп мешіт ретінде пайдалана бастайды. Ол Ақмола өңіріндегі ең алғашқы мешіт болатын. Бұл мешіт жергілікті мұсылмандардың имандылыққа бет бұрып, өңірде ислам дінінің қанат жаюы жолында жарты ғасырдан астам халық игіліне пайдаланылды. Еліміз егемендік алып, сол кездегі Ақмола қаласы ел астанасы болғаннан кейін бұл өңірдің бет-бейнесінде адам айтса нанғысыз өзгерістер болды. Сол өзгерістердің алғашқы легінде қаладағы ескі мешіт ауласында еңселі құлшылық ордасы бой көтерді. 1991 жылы мешіт ауласында еңселі Алла үйінің құрылысы басталып, 1996 жылы салынып бітті. Ашылу салтанатына Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев қатысты. Сонымен «Сəдуақас қажы Ғылмани» мешіті Елордамыздағы алғаш салынған мешіт ретінде тарих бетінде қалды. Жаңа мешіттің өзіндік архитектуралық əсемдігі мұсылмандарды өзіне тартып қана қоймай, Астана қаласындағы сəулет өнерінің озық үлгілерінің біріне айналды. Жаңа мешіттің бой көтеруі Ақмола өңіріндегі Ерейментау, Ақкөл, Қорғалжын секілді бірнеше ауданда мешіттердің салынуына да оң ықпалын тигізді. Алғашында Ақмола, кейіннен Астана мұсылмандарының діни-рухани орталығы болып келген мешітке 2005 жылы Кеңес үкіметі тұсында 20 жыл (1952-1972) Қазақстан мұсылмандарының қазиы болған, Сарыарқа өңірінің тумасы, дін ғұламасы Садуақас қажы Ғылмани аты берілді. Екі қабатты мешіт құрылысы өзіндік сəулет үлгілерімен ерекшеленеді. Мешіттің Бас имамы елімізге танымал қари Жұманазар Садырханов. Бүгінде Бас имамның бастамашылығында мешітте көптеген оң өзгерістер мен жақсы үрдістер қалыптасқан. Мешітте тұрақты түрде «Діни сауат ашу» курсы жұмыс істейді. Мешітте 6 найб имам мен мешіт азаншысының əрбірінде жеке құрамда дəріс беретін 8-15 аралығында шəкірттері бар. Ал, 20 ақсақал аптаның бес күнінде күнделікті тұрақты сабақ алуда. Ерлер мен əйелдерге арналған тұрақты сауат ашу курсында 80-нен астам шəкірт сабақ алып, діни құндылықтарды меңгеруде. Онда Құран, ақида (сенім), фиқһ (шариғат) пəндері бойынша сабақ оқытылады. Бас имамның ұйымдастыруымен, мешіт атынан жəне Сарыарқа аудандық əкімдігі мен əртүрлі қоғамдық бірлестіктермен селбесе отырып, қайырымдылық шараларын жиі өткізу үрдісі қалыптасқан. Соңғы бірнеше жылдан бері əр жылы 14-15 млн теңгенің көлемінде қайырымдылық шараларын жүргізіп келеді. «Дін мен дəстүр жылы» аясын да ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар жиі ұйым дастырылуда. Айталық, Ораза жəне Құрбан айт мерекелерінде ата дəстүрімізге сай, ұлттық спорттық ойындар мен іс-шараларды ұйымдастырып, ұлт руханиятының үзілмеуіне, ұлттық келбетіміздің ұрпақтар сабақтасығын ұласуына өзіндік үлес қосуда. ТАҒЫЛЫМ ТАМШЫЛАРЫ ОРАЗА НЕГЕ БҰЗЫЛДЫ? Əулие құлдардың оразасы астан тыйылумен ғана шектелмеген. Олар ауыз бекіткенде бойды барлық жаман қылықтардан аулақ ұстап, рухани тазалыққа көп көңіл бөлген. Жаратушы иенің разылығын мақсат тұтқандықтан, жыл он екі айдың барлығын Рамазан айындай құрметтеп, үнемі ораза ұстаған. Ауыз бекіткен бір күні қасындағылар Үндістанның патшасын сырттай өсекке таңды. Осы сəт Дыхлəуи: «Қап, оразамды бұзып алғанымды қарашы» деп өкініш білдірді. Əулиенің бұл тосын қылығына Меншік иесі: Республикалық руханиағартушылық газеті қасындағылар «Айтылған өсек оразаны бұзатынын меңзедіңіз бе, алайда өсекті сіз емес басқалар айтқан жоқ па?» деп таңырқағанда, ол «Ғайбат айтушыға да, тыңдаушыға да ортақ» деген хадиспен жауап берді. ҚАБЫЛ БОЛМАЙТЫН АМАЛ Сахабаларымен отырған бір күні Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) қиямет жайлы сөз қозғады. Толассыз айтылған əңгіменің бір ұшығы адамның бұл дүниеде жасаған амалдарына барып тірелді. «Қиямет күні біршама адам Тахаманың үлкендігіндей сауап арқалап келеді. Бірақ ҚҰРЫЛТАЙШЫ: «Дінтанушылар конгресі» ҚБ Төраға Айдар ƏБУОВ олардың амалдарын Аллаһ тағала жоққа санайды». Бұны естігенде бойын үрей билеген Сəлім Хұзафа (р.а.): Уа, Аллаһтың құрметті елшісі, əке-шешем жолыңа құрбан болсын. Олардың қандай адамдар екенін айтпас па екенсіз? Аңдаусызда солардан бірі мен болып қалмайын деп қатты қорқып тұрмын, деді. Сонда Пайғамбарымыз оған: Əй, Сəлім, олар ел қатарлы ораза ұстайды, намаз да оқиды. Алайда харамға тап келгенде, Жаратушыдан қорықпайды. Міне, Аллаһ тағала осындайлардың амалын қабылдамайды, деді. ГАЗЕТ РЕДАКЦИЯСЫ: Бас редактор Исатай БЕРДАЛИЕВ Əдеби редактор Жайық НАҒЫМАШ Жауапты хатшы Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ Көркемдеуші əрі техникалық редактор Заңғар ƏБДІКЕРІМ Желі азаматтар мен ұйым дардан діни сала ға қатысты барлық мəселелер бойынша ақпарат қабылдауға, сондай-ақ деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге кеңесшілікжəне пси хо логиялық көмек көрсетуге арналған. Хабарласыңыздар, егер: - Сізді немесе Сіздің жақындарыңызды түсініксіз діни ойларды қабылдауға мəжбүрлеген болса; - Сізге көшелерде, кіреберістерде, пəтерлерде, көліктерде күдікті діни кітаптардың, журналдардың, кітап ша лар дың, парақшалардың таратылуы туралы белгілі болса; - Сізбен немесе Сіздің жақындарыңызбен діни тақырыпта күдікті үгіт жүргізгісі келсе; - Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға діни жоралар мен ісшараларға қатысуды ұсынған болса; - Сізді діни бағыттағы күдікті жиындар мазалаған болса; - Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз күдікті адамдардың не діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түскен болса; - Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз діни мəселелерге байланысты қиын жағдайларға ұшыраған болса; - Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз дін саласындағы мамандардың кеңесі мен көмегін қажет ететін болса біз Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап береміз жəне көмек көрсетеміз! Сіздер үшін заңгерлер, теологтар, дінтанушылар, психологтар жұмыс істейді. Кеңес беру тəулік бойы жəне дербес жүргізіледі. Қоңыраулар Қазақстанның кезкелген нүктесінен тегін қабылданады. МЕКЕН ЖАЙЫМЫЗ: Астана қаласы, Тəуелсіздік, 57, «Бейбітшілік жəне келісім сарайы», 129 к. Тел: 8 7172 74 46 77 е-mail: e-islam@gmail.com Газет ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру жəне ақпарат комитетіне тіркеліп, 15224-Г куəлігі берілген. Редакция қолжазба иегерлерінің пікірлері мен ойларын бөлісуі шарт емес. Газет сайты редакциясының компьютерлік орталығында теріліп, қатталды. Таралымы 5 000 Газет «Ernur» Медиа холдингі» (Астана қ., Сілеті көшесі 30) ЖШС баспаханасында басылып шықты.